Алматыда Құрылтай есімді екі азамат дауыс берді

/
Алматыда Құрылтай есімді екі азамат дауыс берді
сурет: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрұлтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ал Құрылтай Мансұров Әуезов ауданындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №140 сайлау учаскесінде азаматтық таңдауын білдірді.

Сирек есімді екі алматылықтың дәл Құрылтай сайлауына қатысуы дауыс беру күніндегі ерекше сәйкестіктердің біріне айналды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда Құрылтай және осы есімнің түрлі нұсқалары қойылған 10 адам тұрады. Олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел.

Құрылтай есімді азаматтардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – төрт адам. Алматы қаласында екі адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары