Құрылтай – 2026: Төтенше жағдайлар министрі дауыс берді

/
Құрылтай – 2026: Төтенше жағдайлар министрі дауыс берді

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство басшысы сайлау учаскесіне келіп, заңда белгіленген тәртіппен дауыс берді.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. 145 депутаттық мандатқа жеті саяси партия ұсынған 545 кандидат таласуда.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру ел аумағындағы және шетелдегі сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған. Учаскелердің басым бөлігі сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары