Құрылтай – 2026: Көлік министрі дауыс берді

/
Құрылтай – 2026: Көлік министрі дауыс берді

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство басшысы Астана қаласындағы №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Құрылтай құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Олардың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел аумағындағы сайлау учаскелері дауыс беруге толық дайындалған. Учаскелердің басым бөлігі сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары