Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Құрылтай депутаттарын сайлауға барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сыртқы саяси ведомствоның басшысы №514 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Құрылтай құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Олардың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Дауыс беру жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын түрде өткізіледі.
Ел аумағындағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстан азаматтары үшін шет мемлекеттерде де арнайы дауыс беру учаскелері ашылған.