Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысында 1 042 987 тұрғын дауыс бере алады. Оның ішінде 14 104 азамат алғаш рет сайлауға қатысуда.

Өңірде сағат 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Облыс орталығындағы №956 учаскеде Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін дауыс беру процесі басталды. Алғашқылардың бірі болып Қонаев қаласының құрметті азаматы Амангелді Беспаев дауыс беріп, елге бірлік пен береке тіледі.

Барлық учаске қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ерекше қажеттілігі бар 2 122 сайлаушы үшін арнайы кабиналар, пандустар, тактильді көрсеткіштер және қолжетімді ақпараттық материалдар қарастырылған. Денсаулығына байланысты келе алмайтын азаматтарға үйде дауыс беру мүмкіндігі берілді.

Сайлау алдында тұрғындарға 1 миллионнан астам шақыру табысталып, өзге елді мекенде болатын азаматтарға 2 238 есептен шығару куәлігі берілді.

Сайлау халықаралық байқаушылардың қатысуымен өтуде. ҚР Орталық сайлау комиссиясы 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Алматы облысының тұрғындары сайлау учаскелеріне барып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары