Алматы тауларында мәйіт табылды

/
Алматы тауларында мәйіт табылды

19 тамызда Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта адам денесінің табылғаны туралы хабарлама алып, тиісті тексеру жұмысын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және кейінгі іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында ТЖД мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесе әрекет етіп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиға орнын қарап шығу және тиісті деректер базасы бойынша іздеуде жүрген тұлғаларды тексеру шараларын жүргізеді.

«Сағат 13:01-де теңіз деңгейінен 4300 метрдей биіктікте орналасқан Северцев мұздығына ТЖМ «Қазавиаспас» авиаборты ұшып шықты. Эвакуациялау операциясына «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Мәйіт таудан түсірілгеннен кейін Алматы облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне тапсырылады.

Құтқару операциясын жүргізуге биіктіктің тым жоғары болуы, аймақтың өтуге қиындығы, тік беткейлер мен биік таулы өңірдегі ауа райының қолайсыздығы айтарлықтай кедергі келтірген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар