Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

/
Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарында негізгі шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордада доллардың сатып алу бағасы 460,01 теңге, сату бағасы 467,01 теңге болып отыр. Еуро 523,78 теңгеден сатып алынып, 540,03 теңгеден сатылуда.

Ал Астанада рубльдің бағамы 5,17-5,47 теңге аралығында. Қытай юанінің сатып алу құны 68,76 теңге болса, сату бағасы 72,87 теңгеге жеткен.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 463,15 теңгеден сатып алынып, 465,59 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 532,86 теңге, сату бағасы – 538,07 теңге.

Қаладағы айырбастау орындарында Ресей рублі 5,30-5,45 теңге аралығында саудалануда. Юань 68,76-71,38 теңге шамасында айырбасталып жатыр.

Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары