«ЭКО-мен дүниеге келді»: Өмірқұл Айниязов отбасы туралы ел білмейтін сырын бөлісті

/
«ЭКО-мен дүниеге келді»: Өмірқұл Айниязов отбасы туралы ел білмейтін сырын бөлісті
Скриншот

Әнші Өмірқұл Айниязов «Kezdesu» YouTube арнасына берген сұхбатында отбасындағы махаббат пен сыйластықтың маңызы, 21 жыл бойы бала күткен кезеңі және кейінгі екі баласының ЭКО арқылы дүниеге келгені туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Махаббат бірінші болу керек. Кейбір адамдар «махаббат жоқ, бала үшін жүреді» деп жатады. Олай болмайды деп ойлаймын. Махаббат болмаса, біреудің қасына жату да оңай емес. Сондықтан бірінші махаббат, содан соң сыйластық, бағалау, жақсы көру.

Кейде қалжыңдап айтамын, кейбіреулер 4-5 баласымен ажырасып жатады. Біз 1 баламен ажырасуға жүрегіміз дауаламады. 21 жыл бойы балалы бола алмай жүрген кезде адамның басына неше түрлі ой келеді. Мен де «мүмкін басқа әйел алу керек шығар» деп ойладым. Бірақ жалғыз баламның көзі мөлдіреп басқа жақта жүргенін елестете алмадым. Әр адамның жүрегіне, табиғатына байланысты шығар. Менің жүрегім ондайға дауаламады», — дейді ол.

Сондай-ақ ол кейінгі екі баласының ЭКО арқылы дүниеге келгенін ашық айтты.

«Кенже ұлымыз ЭКО-мен дүниеге келді. Бәріне қызық болды, сұрады. Жасырудың қажеті жоқ, кейінгі екі баламыз да ЭКО арқылы дүниеге келді. Оның өзі де оңай емес. Ол дүниемен 2013 жылдан бастап айналыссақ, 2021 жылы балалы болдық. Алладан бұйрық келмесе, онымен де болуы оңай шаруа емес», — дейді Өмірқұл Айниязов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар