Қазақстан тауларында сирек кездесетін қар барысы таспаға түсіп қалды (ВИДЕО)

/
Қазақстан тауларында сирек кездесетін қар барысы таспаға түсіп қалды (ВИДЕО)
Экология министрлігі

Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде қар барысы таспаға түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сирек кездесетін жыртқышты таулы бағыттағы сапардан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Бірегей сәтті видеоға түсіріп алуға мүмкіндік туды.

Қар барысы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында. Сирек жыртқыштың табиғи мекен ету ортасында кездесуі таулы экожүйенің сақталғанын және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсететін маңызды дәлел болып саналады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар