Ақтауда үш көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты

/
Ақтауда үш көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты
istockphoto.com

Ақтауда жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, жаппай жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты 11 тамызда Ақтау–Маңғышлақ автожолында Toyota Camry, Lada Granta және Toyota Sequoia көліктерінің қатысуымен болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta және Toyota Camry көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Үш көлік те арнайы айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары