Нотариат саласына биометриялық сәйкестендіру мен ЖИ енгізіледі – министр

/
Нотариат саласына биометриялық сәйкестендіру мен ЖИ енгізіледі – министр
istockphoto.com

Әділет министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп қолданыстағы сервистердің проблемаларын жою, ашықтықты арттыру және нотариаттық іс-қимылдарға бақылауды күшейту үшін E-Notary цифрлық платформасын іске қосады. Бұл туралы Үкімет отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Платформада нотариустың әрбір әрекеті тіркеліп қана қоймай, алғаш рет нотариустар мен азаматтарды биометриялық сәйкестендірудің интеграциясы көзделетін болады, бұл есепке алу деректерін заңсыз пайдалануды болдырмайды және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады. Енді азаматтар платформада жеке кабинет аша алады, сол арқылы олардың қатысуымен жасалған барлық нотариаттық іс-әрекеттерді бақылайды, қаперінде ұстайды және қадағалайды, қажет болған жағдайда нотариустардың заңсыз іс-әрекеттеріне қарсылық білдіре алады», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ платформа шеңберінде атқарушылық жазбалар жасау үшін өтініштерді автоматты түрде бөлу көзделген. Бұл механизм мамандарға біркелкі жүктемені қамтамасыз етуге, өндіріп алушының нотариусты таңдау мүмкіндігін болдырмауға және олардың арасындағы сөз байласу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Ұсынылған құжаттарды талдау, ықтимал тәуекелдерді анықтау және ұсынымдарды қалыптастыру үшін E-Notary жасанды интеллект элементтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте барлық нотариаттық іс-әрекеттерді жасау жөніндегі түпкілікті шешім тек нотариуста қалады», — деді Ерлан Сәрсембаев.

Пилоттық жобаны пайдалану қорытындысына қарай жүйені осы жылдың соңына дейін бүкіл ел аумағына кеңінен тарату жоспарланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар