Баласын балтамен ұрып тәртіпке салған ана қылмыстық жауапқа тартылды
Баласын балтамен ұрып тәртіпке салған ана қылмыстық жауапқа тартылды
Палводарда баласына «тәрбие сабақтарын» бермек болған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті құқық қорғау органдарының хабарлауынша, безбүйрек ана әуелі баласының бетінен бірнеше соққы жасап, содан соң қолын балтамен ұрғылаған. Әйелдің өз баласына мұндай ауыр жаза қолдануға он мың теңге себеп болыпты. Баласының үстінен ұрлық жасады деп шағымданған көршісінің сөзінен кейін ұлына тарпа бас салған. "Сол күні алкогольдік ішімдік ішіп алған әйел ұйықтап жатқан баласын оятып, оған тәрбие бермекші болады. Әбден ұрғаннан кейін ас үйден пышақ әкеліп, баласына сұға бастаған. Содан соң жуынатын бөлмеге келіп, ет турауға арналған балтамен баласының қолын ұрып, психикалық қысым түсірген", – делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Павлодарлық әйелдің үстінен "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс Павлодар қалалық № 2 сотына жолданды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Соңғы кезде елімізде ата-ананың балаға күш қолдану фактілері жиілеп барады. Осыған дейін Қостанай облысының тұрғыны баласын аяусыз ұрғаны үшін жазаға тартылған болатын. Жітіқара қаласының тұрғыны баланы соққыға жыққаны үшін 92 600 теңге айыппұл төледі.