Батыс Қазақстан облысында 37 жолаушы мінген автобус өртенді

/
Батыс Қазақстан облысында 37 жолаушы мінген автобус өртенді
24KZ

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Самара – Шымкент тасжолында автобус өртенді. Оқиға кезінде автобустың ішінде 37 жолаушы болған. Олардың барлығы өздігінен қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 24KZ мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында жедел сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары