«Қарасора — 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оралда 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің үй ауласындағы шаруашылық құрылысты тінту кезінде есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруге арнайы жабдықталған фитозертхана анықталды.
Жертөледен қарасораға ұқсас алты түп өсімдік, үш желдеткіш, екі прожектор, 14 жарықдиодты шамы бар панель және тыңайтқыш салынған 29 қаптама тәркіленді.
Сонымен қатар тұрғын үйді тінту барысында қарасора тұқымы болуы мүмкін алты пакет табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.