Жеңіл атлет Анна Черкашина Қазақстан рекордын жаңартты

/
Жеңіл атлет Анна Черкашина Қазақстан рекордын жаңартты
федерацияның баспасөз қызметі

Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Отандасымыз 4,10 метр нәтижемен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар