TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан 53 жастағы семейлік әйел жазаланды

/
TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан 53 жастағы семейлік әйел жазаланды
Абай облысы ПД

Семейде TikTok желісінде заң талаптарын бұзған 53 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысының полициясы TikTok-тағы тікелей эфир барысында әйел адамның балағат сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық көрсеткенін анықтады. Тексеру нәтижесінде оның Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Жанат Әбеуова екені белгілі болды.

Соттың шешімі бойынша әйелге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Полиция интернетте жасалған құқық бұзушылықтар да заң бойынша қаралатынын және мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар