«Алматы – Тараз» автожолының учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

/
«Алматы – Тараз» автожолының учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
ҚазАвтоЖол

7 тамыздан бастап Жамбыл облысында «Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы)» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Жамбыл облысында «Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы)» автомобиль жолының 159–238 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытына қарай көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде Алматы қаласынан Тараз қаласына бағыт алған көлік құралдарының қозғалысы «Отар – Қордай – Қайнар» (Ескі Қордай асуы) автомобиль жолы арқылы ұйымдастырылады.

Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақта аса мұқият болуды сұраймыз.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар