Қазақстанда жүрген Үндістанның 35 азаматы күтпеген жағдайға тап болды

/
Қазақстанда жүрген Үндістанның 35 азаматы күтпеген жағдайға тап болды
instagram.com/almaty.police

Алматы полиция департаменті ел аумағында заңсыз жүрген Үндістанның 35 азаматы Қазақстаннан шығарылғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Алматы полициясы жариялаған видеода шетел азаматтарын елден шығару рәсімінің соңғы кезеңі көрсетілген.

"Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістан Республикасының 35 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Олардың барлығы елде болуға рұқсат етілген мерзімнен асып кеткен және Қазақстан аумағында заңсыз жүрген.

Арнайы іс-шаралар барысында Алматы полиция департаментінің көші-қон қызметкерлері шетел азаматтарының жүрген жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен барлық құқық бұзушы Қазақстан аумағынан шығарылды. Полиция қызметкерлері олардың әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өтуіне дейін бірге жүрді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетел азаматтарының елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың уақытында кетуін қамтамасыз етпеген қабылдаушы тарап өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар