Әсел Бәденова: Ашық пікірталас – азаматтар сенімін арттыратын алаң

Әсел Бәденова: Ашық пікірталас – азаматтар сенімін арттыратын алаң

Сайлауалды теледебаттар азаматтар мен саяси күштер арасындағы ашық диалогты нығайтып, сайлаушылардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді. «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Бәденованың пікірінше, мұндай ашық пікірталастар азаматтардың түрлі саяси ұстанымдармен танысуына, бағдарламаларды салыстырып, саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді әрі қоғам мен саяси институттар арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінгі сайлауалды теледебаттар – азаматтармен ашық әрі шынайы диалог құрудың маңызды мүмкіндігі. Әрбір сайлаушы партиялардың ұстанымын тыңдап, бағдарламаларын салыстырып, саналы таңдау жасай алады.

Жаңа Конституцияның өзегінде – адам, оның құқықтары мен бостандықтары. «Әділет» партиясы адам капиталын дамытуға басымдық береді. Өйткені еліміздің ең басты байлығы – адамдар.

Мұндай пікірталастардың ашық, мазмұнды өтуі және азаматтардың пікіріне құрметпен қарауы аса маңызды.

Жастар, азаматтық қоғам және ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандық сындарлы диалогты, нақты шешімдер мен әрбір уәдеге жауапкершілікті күтетініне сенімдімін.

Ерекше айтарлығы, «Әділет» партиясы жастарға ерекше мән береді. Партияның Жастар қанатында Әділет партиясының кадрлық резерві – Адал азамат мектебі іске қосылды. Бұл – белсенді әрі бастамашыл жастардың білімін жетілдіріп, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, болашақта елдің дамуына тікелей үлес қосуына мүмкіндік беретін алаң. Осылайша жастар мұндай ашық платформаларда адамдар қоғам өміріне белсене араласып, Әділетті Қазақстанды құруға атсалысуға мол мүміндік алады», – дейді Әсел Бәденова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар