Маңғыстауда жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

/
Маңғыстауда жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығына тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру кезінде жекелеген сот орындаушылар тарапынан борышкерден өндіріп алушыға қаражат аударатын арнайы есеп шотынан үшінші тұлғалар, яғни өзінің жақын туыстарының шотына 3 млн теңгеден астам қаражатты негізсіз аудару деректері анықталды. 

Нәтижесінде, аталған жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалысына тексеру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар