«Байтақ» партиясының кандидаты экологогтармен кездесті

/
«Байтақ» партиясының кандидаты экологогтармен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Алтай Ордабеков «Каз Гранд Эко Проект» серіктестігіне барып, ұжыммен жолықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесуде тараптар экологиялық сараптама, қоршаған ортаға әсерді бағалау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму бағытында пікір алмасты. Мамандары саладағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар айтып, тәжірибесін бөлісті.

Алтай Ордабеков экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен табиғатты қорғауда кәсіби сарапшылардың рөлі ерекше екенін атап өтті.

«Өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде қоршаған ортаға келетін әсерді алдын ала бағалау – экожүйені сақтаудың маңызды тетіктерінің бірі», - деді кандидат.

Тараптар экологиялық мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өзара ынтымақтастығын күшейту маңызды деді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар