«Байтақ» партиясының өкілдері Бектөбе халқымен экология мәселесін талқылады

/
«Байтақ» партиясының өкілдері Бектөбе халқымен экология мәселесін талқылады

«Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалы Әулиеата ауданына қарасты Бектөбе ауылына барды. Тұрғындармен кездескен партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырып, елдегі ағайынның ұсыныс-пікірін тыңдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұрт көтерген түйткілдер әдеттегідей: қатты тұрмыстық қалдықты шығару, елді мекенді көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру, өндірістік нысандардың санитарлық-қорғау аймақтары, ағаш отырғызу жұмыстары, ауыз су мен суару жүйесі, сондай-ақ жарықтың тұрақсыз берілуі.

Партия өкілдері қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және өңірлердің тұрақты дамуы «Байтақ» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Жиында тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, мұндай кездесулер жергілікті жердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар