ЖСДП Өскеменде Кәсіподақтардың республикалық конгресін өткізіп, партияның салауалды бағдарламасының негізгі бастамаларын таныстырды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Өскемен қаласында Қазақстанның 20 кәсіподақ ұйымының қатысуымен «Еңбек. Әділеттілік. Ынтымақ» тақырыбында республикалық конгресс өткізді. Іс-шара партияның еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаладағы жастар ресурстық орталығында өткен конгрестің негізгі мақсаты – еңбеккерлердің өзекті мәселелерін талқылау, кәсіподақ қозғалысы институттарын нығайту және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру болды. Талқылауға ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Асхат Рахимжанов, Максим Андрюшин, Ажар Сағандықова, Виктор Калгин арнайы келді. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, сарапшылар мен партия белсенділері қатысты. Конгресс аясында ЖСДП-ның Құрылтай депутаттығына кандидаттары партияның 20 жылдық мерейтойына орай әзірленген «Прогресс жолындағы 20 белес» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. ЖСДП төрағасы әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Рахимжанов әлеуметтік мемлекет құру тең мүмкіндіктер мен лайықты еңбекақысыз мүмкін емес екенін атап өтті.
«Біз қазіргі ең төменгі жалақының 85 мың теңге болуын адамның өзін және отбасын лайықты деңгейде қамтамасыз етуіне жеткіліксіз екенін көріп отырмыз. Сондықтан біздің партия ең төменгі жалақыны кем дегенде 150 000 теңгеден жоғары болуы керек деп есептейді. Біз дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып тұтыныушылық күнкөріс себетінің құрамын қайта қарауды ұсынамыз. Әсіресе өндіріс ошақтарында қызмет атқарған адамдар үшін регрестік төлемдерге қатысты мәселелерді шешуді және зи-янды өндіріс орындарында еңбек ететін қызметкерлер үшін зейнеткерлік жасты төмендетуді талап етудеміз. Еліміздің табиғи ресурстарын игеріп, аса жоғары пайда тауып отырған компаниялар прогрессивті салық салу жүйесі арқылы толық әлеуметтік және салықтық жауапкершілік арқалауы тиіс. Ал сайлау науқанына қатысып жатқан өзге саяси күштерге келетін болсым; өздерін солшылмыз деп танытып жүрген партиялар бүгінгі таңда іс жүзінде солшыл идеялардан әлдеқашан алыстап кеткен. Мәселен, Қазақстан Ха-лық партиясы бизнесте конвертпен берілетін жалақы туралы айтып жүр, бірақ олардың бағдарламасында еңбек пен еңбеккерлердің құқықтарын нақты қорғау туралы бірде-бір сөз жоқ. Олар өзін тек атауы бойынша ғана социал-демократиялық партия ретінде көрсетеді. Ал ЖСДП – Қазақстан-дағы еңбеккерлердің құқықтарын шынайы қорғайтын әрі әлемнің 120-дан астам елін біріктіретін Социалистік интернационалдың толыққанды мүшесі ретінде халықаралық қауымдастық мойындаған жалғыз партия», – деді партия төрағасы Асхат Рахимжанов.
«Партиямыздың 20 жылдығы қарсаңында біз "Прогресс жолындағы 20 бе-лес" атты бағдарламалық құжатты әзірледік. Онда адам құқықтарын қорғау мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған негізгі міндеттер қамтылған. Бүгінде инклюзия мәселесі жекелеген отбасылық мәселеден көтеріліп, бүкіл қоғам үшін маңызды міндетке айналды. Сонымен қатар технологиялардың қарқынды дамуы мен өндірістік үдерістердің автомат-тандырылуы жағдайында біз төрт күндік жұмыс аптасын енгізуді ұсы-намыз. Бұл азаматтарға отбасына, денсаулығына және өзін-өзі дамытуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Себебі адами капиталды дамыт-пайынша, еліміздің жан-жақты дамуына қол жеткізу мүмкін емес», – деді кандидат Ажар Сағандықова.
«Инвесторлар сеніммен келетін және капитал тұрақты түрде тартыла-тын шын мәніндегі орнықты мемлекет тек толық әділеттілік қағидатта-рына негізделуі тиіс. Кез келген инвестор еңбеккерлердің құқықтары сенімді қорғалатын елге ғана қаржы салып, жұмыс істеуге мүдделі. Біздің бүкіл сайлауалды бағдарламамыз бен идеологиямыз әлемдік социал-демократияның өзгермейтін ұраны –"Еркіндік. Әділеттілік. Ынтымақ" қағидатына негізделген», – деді кандидат Максим Андрюшин.
Конгресс қатысушылары көтерген бастамалар партияның Құрылтайдағы нақты заң шығару қызметінің негізіне айналып, Қазақстанда әділетті әлеумет-тік мемлекет құруға қызмет етеді деген ортақ пікір ұсынды.