Теміржолшылар күніне орай Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Павлодар өңірлік филиалы Екібастұзда болды. Облыстық филиал төрағасы Думан Тоқашев пен Екібастұз филиалының жетекшісі Нұрсұлтан Ақжігітов қаладағы мерекелік іс-шараға қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Партия өкілдері шараға жиналған теміржол саласының қызметкерлері мен қала халқымен жүздесіп, кәсіби мерекемен құттықтады. Кездесуде теміржолшылар еңбегі, өңірдің дамуы және тұрғындарды толғандыратын басқа да өзекті түйткілдер төңірегінде әңгіме өрбіді.
Жасылдар партиясының өкілдері халықпен ашық пікір алмасу саяси ұйым жұмысының маңызды бағыты екенін атап өтті. Олардың айтуынша, көпшілікпен тұрақты кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді бірге талқылап, нақты ұсыныстарды назарға алуға мүмкіндік береді.
Партия өкілдері теміржол саласы қызметкерлеріне адал еңбегі үшін алғыс айтып, еліміздің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.