«Байтақ» партиясының кандидаттары «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерімен жүздесті

/
«Байтақ» партиясының кандидаттары «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерімен жүздесті
"Байтақ" партиясының сайты

Орталық Азия рекордын орнатуға бағытталған ауқымды іс-шара аясында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала тұрғындарын біріктірген іс-шарада партия өкілдері қатысушыларға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Экологияны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, жайлы қалалық ортаны қалыптастыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері сөз болды.

«Байтақ» партиясынан Құрылтайға кандидат Айман Сексенова туған қалаға деген жанашырлық спорттағы жетістіктерді қолдаумен ғана шектелмейтінін атап өтті.

«Мұнда «13 сектор» фильмі түсіріліп жатыр. Екіншіден, дәл осы сектор жанкүйерлер саны бойынша әлем рекордын жаңартпақ. Бұл – Ақтөбе үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. «Байтақ» – экологияны қолдайтын елдегі жалғыз партия. Қоршаған ортаны қорғау, көшелердің тазалығын сақтау және жасыл аймақтарды көбейту – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі», - деді кандидат.

Шара барысында партия өкілдері тұрғындармен экологиялық бастамалар төңірегінде пікір алмасты. Жанкүйерлер де үнсіз қалмай, түрлі мәселеге өз пікірін жеткізді.

«Байтақ» жасылдар партиямы «Ақтөбе» футбол клубына алдағы ойындарда сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар