«Өткен өміріме өкінішпен емес, шүкіршілікпен қараймын»: Сәбит Әбдіхалықов сырын ақтарды

/
«Өткен өміріме өкінішпен емес, шүкіршілікпен қараймын»: Сәбит Әбдіхалықов сырын ақтарды
Әлеуметтік желіден

Актер Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толуына орай әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялап, өмірден түйген тұжырымдарымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі уақыт өте келе адамның өмірге деген көзқарасы өзгеретінін айтып, шынайы байлықтың атақ-абырой мен дүние-мүлік емес, денсаулық, отбасы бақыты, ата-ананың тәрбиесі, перзенттің қуанышы, адал достар мен елдің ықыласы екенін жеткізді.

Актердің айтуынша, жасы ұлғайған сайын өткен уақыттан гөрі өмірдің берген сабағы маңыздырақ бола түседі. Ол қуаныш пен қиындықтың әрқайсысы адамды шыңдап, өмірдің мәнін тереңірек түсінуге ықпал ететінін атап өтті.

Сәбит Әбдіхалықов бүгінге дейінгі өмір жолына өкінішпен емес, шүкіршілікпен қарайтынын айтты. Сондай-ақ өзіне әрдайым қолдау білдірген ата-анасына, отбасы мүшелеріне, туған-туыстарына, достарына, әріптестері мен көрермендеріне алғысын жеткізді.

Жазбасының соңында актер Алладан денсаулық, амандық, ел тыныштығын тілеп, 53 жасты тоқырау емес, кемелдікке бастайтын жаңа белес деп бағалады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары