Бақдәулет Ағабек күрестен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

/
Бақдәулет Ағабек күрестен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Әзірбайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар