24 шілдеде Семей қаласының Пединститут ауданында 8 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Абай облысы ТЖД мәліметінше, оқиға болған алған аумақ – суға түсуге қауіпті учаске. Аталған жерде қауіп туралы ескертетін арнайы белгі орнатылған болатын. Алайда белгісіз адамдардың әрекетінен ескерту белгісі алынып тасталған.
«Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!
Ескерту белгілерін алып тастамауларыңызды және бүлдірмеулеріңізді сұраймыз. Олар азаматтарды қауіпті учаскелер туралы алдын ала ескерту және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында орнатылады. Ескерту белгілерінің болмауы адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.