«15 жылдан кейін ата-ана атанды»: Семейлік отбасы егіз ұлды болды (ВИДЕО)

/
«15 жылдан кейін ата-ана атанды»: Семейлік отбасы егіз ұлды болды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында 15 жыл бойы сәби сүйе алмай жүрген семейлік отбасының қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Абай облысы, Семей қаласының тұрғындары Медет пен Дария көп жылдан кейін ата-ана атанып, Арман мен Аңсар есімді егіз ұлды болған.

«Абай елі, Семей қаласы, қос батырдың бауы берік болсын. Медет пен Дария 15 жылдан кейін ата-ана бақытын сезінді», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Тележүргізуші бұл отбасының экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасын толықтай қайырымдылық көмегі есебінен өткенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай қолдау көбіне кәсіпкерлер мен ниетті азаматтардың демеушілігі арқылы көрсетіледі.

«Әдетте көп жағдайда пациенттерімізге кәсіпкерлер, ниетті отбасылар демеушілік көрсететін. Ал бұл отбасының ЭКО бағдарламасын толық көтерген – сіздерсіздер. Халықтың арқасында», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары