Көкшетауда екі жасар бала терезеден құлап, ауруханаға түсті

/
Көкшетауда екі жасар бала терезеден құлап, ауруханаға түсті
istockphoto

Көкшетауда екі жасар бала тұрғын үйдің бірінші қабатындағы терезеден құлап, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бүлдіршіннің өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алғаны белгілі. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл өңірде балалардың терезеден құлауына байланысты 12 дерек тіркелген.

Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мамандар кішкентай балаларды ашық тұрған терезенің маңында қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ терезелерге арнайы қорғаныс бекіткіштерін орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, масаға қарсы торлардың баланы құлаудан қорғай алмайтынын және олардың баланың салмағына төтеп бере алмайтынын ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары