Елордада заңсыз топырақ өндіру фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұндай құқық бұзушылықтар қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп, табиғи ландшафттың өзгеруіне және қаланың экологиялық ахуалына қауіп төндіреді. Жер учаскелерін өз бетінше игеру нәтижесінде терең шұңқырлар пайда болады. Кейін оларда су жиналып, жер бедерінің өзгеруіне, жердің табиғи жағдайының бұзылуына және экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі.
102 арнасына Нұра ауданы аумағынан, нақтырақ айтқанда Қарқаралы маңындағы ипподром аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану және топырақ шығару фактісі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері арнайы техникалар мен автокөліктердің көмегімен топырақ тиеу және шығару жұмыстарын жүргізіп жатқан тұлғаларды анықтады.
Тексеру барысында үш Shacman жүк көлігі тіркелді. Аталған көлік құралдарын басқарған 22, 26 және 39 жастағы азаматтар белгілі болды.
Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ шынжыр табанды экскаватор табылып, оны басқарған 30 жастағы жүргізуші анықталды. Сондай-ақ оқиға орнында 35 жастағы азаматтың басқаруындағы Chery Tiggo автокөлік орын алды.
Құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылған көлік құралдары коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция азаматтар мен ұйымдарды жер қойнауын пайдалану саласындағы заң талаптарын, абаттандыру ережелерін сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. Топырақты заңсыз өндірудің әрбір фактісі бойынша шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.