Алматы облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде , деп хабарлайды turkystan.kz.
Жыл басынан бері прокурорлар бизнес құқықтарының бұзылуының 65 жағдайын анықтап, жойды, 2300-ден астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, бизнестің дамуына кедергі келтірген 3 актінің күшін жойды, сондай-ақ кәсіпкерлердің пайдасына 469 млн теңге өндірілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бергені үшін тәртіптік жауаптылыққа 25 лауазымды тұлға, әкімшілік жауаптылыққа 34 лауазымды тұлға тартылды (кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны және кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзғаны үшін).
Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденген бұрынғы мемлекеттік қызметшіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1) тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Алматы облысының прокуратурасы құқықтарының бұзылуына немесе әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлерді +7-708-525-50-81 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.