Алматы облысында тау өртеніп жатыр

/
Алматы облысында тау өртеніп жатыр
ТЖМ

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Байдібек би ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан Бақтияр сай шатқалында мемлекеттік жер қоры аумағындағы құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өртті сөндіру жұмыстарын Алматы облысы ТЖД бастығы, полковник Дәурен Оразбеков үйлестіруде.

Өртті жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының 70 қызметкері, 15 бірлік техникасы, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды.

ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 51 тонна болатын 17 рет су тастау жұмысын ұйымдастырды. Жұмыс барысы күннің ыстықтығы мен жылдамдығы 4 м/с-қа дейін жететін солтүстік-батыс желі салдарынан күрделеніп тұр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар