Солтүстік Қазақстанда қайғылы жағдай болды

/
Солтүстік Қазақстанда қайғылы жағдай болды
istockphoto

Оқиға 19 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында, Бостандық ауылынан бес шақырым жерде болған.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2010 жылы туған жасөспірім шомылуға тыйым салынған жасанды қазаншұңқырға суға түскен.

Жасөспірімнің денесін оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері тауып, судан шығарып алды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақжар ауданындағы Шат өзенінен жергілікті тұрғындар 64 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарып алғанын жазған едік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары