Қызылорда облысының Арал қаласында кәріз құдығына құлап кеткен түйені Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман алып шықты.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үйдің ауласынан тыс орналасқан кәріз құдығында болған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы техника мен жабдықтың көмегімен түйені құдықтан сәтті шығарып алды, – делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ құтқарушылары кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда адамдармен қатар жануарларға да көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.