Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл мен аптап ыстық күтіледі

/
Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл мен аптап ыстық күтіледі
istockphoto

«Қазгидромет» бүгін дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Астана қаласы мен еліміздің 14 облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел, аптап ыстық, шаңды дауыл және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болжануда.

Желдің екпіні секундына 20–28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында ауа температурасы +35…+44 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл күтілсе, Астана мен бірқатар өңірде найзағай, бұршақ және қатты жел болады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары