Қазақстан қоржынына бір алтын, үш күміс: химия олимпиадасындағы тарихи нәтиже

/
Қазақстан қоржынына бір алтын, үш күміс: химия олимпиадасындағы тарихи нәтиже
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Ташкент қаласында өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, әлемдегі ең беделді химия олимпиадаларының бірінде қазақстандық оқушылар бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алған.

Алтын медальді Өскемен қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Айзере Жеңісханова иеленген.

Ал күміс медаль Астанадағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Әбілмансұр Қалиға, Алматыдағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы Данил Полетаев пен Астанадағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы Аңсар Жақсылықовқа бұйырған.

Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам дарынды оқушы қатысқан. Қатысушылар теориялық және практикалық кезеңде күрделі есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындаған.

Министрліктің мәліметінше, халықаралық химия олимпиадасы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді.

Қазақстан бұл олимпиадаға 1998 жылдан бері қатысып келеді және жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары