Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған тұрғын 14 жылға сотталды

/
Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған тұрғын 14 жылға сотталды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде танысын өлтіріп, мәйітін мектеп маңындағы қоқыс алаңына тастап кеткен 62 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, қылмыс 21 ақпанда болған. Сотталушы үйінде танысымен бірге ішімдік ішкен. Кейін екеуінің арасында жанжал туындап, үй иесі қонағына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Үш күннен кейін ер адам марқұмның денесін ала сөмкеге салып, қаладағы мектептердің біріне жақын орналасқан қоқыс алаңына апарып тастаған.

Мәйітті 11 наурызда аула сыпырушы тауып, полицияға хабар берген.

Сот 62 жастағы айыпталушыны адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот отырысында айыпталушы тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Ол танысына өзін қорғау мақсатында пышақ жұмсағанын айтқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары