Қазақстандық екі жеңіл атлет Азия чемпионатының финалына шықты

/
Қазақстандық екі жеңіл атлет Азия чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін, 10 шілдеде Мария Шувалова 400 метрге жүгіруде 53,05 секунд уақыт нәтижесімен үшінші орын алып, ақтық сынға өтті.

Сондай-ақ дәл осы дисциплинада Анна Шумило 54,60 секунд уақыт көрсеткішімен жетінші орынға тұрақтап, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл дисциплина бойынша финалдық кезең 11 шілдеде өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары