«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері қоғамдық орынды ластаған 150-ге жуық адам анықталды

/
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері қоғамдық орынды ластаған 150-ге жуық адам анықталды
polisia.kz

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарды ластау деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында күнделікті профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл бағыттағы жұмыста Жедел басқару орталығының атқаратын рөлі ерекше. Бейнебақылау камералары арқылы жүргізілетін тәулік бойғы мониторинг нәтижесінде қоғамдық орындарды ластау фактілері дер кезінде анықталып, құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарды ластаудың 149 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Өйткені таза әрі жайлы орта – әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталады.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары