Маңғыстауда суға кеткен жігіт табылмай жатыр

/
Маңғыстауда суға кеткен жігіт табылмай жатыр
Pixabay

Маңғыстауда суға кеткен 18 жасар жігітті іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жігіт өзінің кәмелетке толған туған күнінде қонақ үй маңында жоғалып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазір ауқымды құтқару операциясына жалпы саны 53 адам, 6 техника және 3 қайық жұмылдырылды. Жағалау мен теңіз түбін мұқият тексеруге 10 сүңгуір мен әуеден барлайтын 8 дрон үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл шомылу маусымы басталғалы бері өңірде он адам суға кеткен. Құтқарушылар қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.

"ТЖД жеке құрамы жұмыс жасауда. Сүңгуірлеріміз және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, дрон ұшыратын қызметкерлер осы жерде жұмылдырылған", - дейді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Ерлан Солтанмұратов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары