Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп кетті (ВИДЕО)

/
Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп кетті (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Павлодар қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан балық аулау тауарлары дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Малайсары батыр көшесінде болған. 101 қызметіне дүкеннен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері бірден өртті сөндіруге кірісті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сауда залы мен қойма бөлмесін шарпыған. Түтіннің тұрғын үйге таралу қаупіне байланысты кіреберістен 16 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында 4 бала бар.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар