Қырғызстан мен Тәжікстанда жер сілкінді

/
Қырғызстан мен Тәжікстанда жер сілкінді
istockphoto.com

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 8 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:54-те Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі 41,24° солтүстік ендік пен 72,74° шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Магнитудасы – 4,8. Энергетикалық класы – K=10,4.

Жер сілкінісінің қарқындылығы мынадай болды: Тоскоол, Қара-Бұлақ, Гелеген ауылдарында – 4 балл; Ескі-Массы, Алма, Қызыл-Октябрь, Массы, Советское ауылдарында – 3,5 балл; Майлуу-Суу қаласында, сондай-ақ Базар-Қорған, Кочкор-Ата, Үш-Бұлақ ауылдарында – 3 балл; Арсланбоб, Жай-Терек және Манас ауылдарында – 2,5 балл.

Бұдан бөлек, 8 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:42-де Тәжікстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 39,21° солтүстік ендік пен 71,30° шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Магнитудасы – 5,4. Энергетикалық класы – K=12.

Қазіргі уақытта жер сілкіністері салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары