Қазақстанның жаңа Конституциясы – елдің құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындаған маңызды құжат. Ата Заңдағы өзгерістер азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау тетіктерін күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға бағытталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Facebook-тегі жеке парақшасында атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Қазақстанның жаңа Конституциясы – елдің дамуына жаңа серпін берген маңызды тарихи құжат. Ол халықтың еркін білдіретін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтетін, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құқықтық құжат. Бұл туралы бір емес бірнеше ай айтылды ағайын, баршаңыз білесіздер.
Жаңартылған Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері кеңейтіліп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және әділетті қоғам құруға басымдық берілген. Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндігі артты.
Бүгін Конституциялық сот алуан адам, сансыз сарапшы саяси сәуегейлік жасамау үшін мәселенің бәрін ашып, анық талдап көрсетті.
Бұл – саяси бірізділікті, құқықтық негіздемені айқындайтын бастама.
Конституция – әрбір азаматтың құқығы мен міндетін айқындайтын, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағының кепілі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", – делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Конституциялық Сот бірқатар лауазымды адамды тағайындау мен сайлау мәртесі туралы нормалардың қолданылу тәртібін түсіндірген болатын.