Атырау – Ақтөбе тасжолындағы апаттан 6 адам зардап шекті

/
Атырау – Ақтөбе тасжолындағы апаттан 6 адам зардап шекті
istockphoto.com

Атырау – Ақтөбе тасжолында екі жеңіл автокөлік жол апатына ұшырап, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 6 шілде күні сағат 13:30 шамасында Атырау – Ақтөбе автожолының 582–315-шақырым аралығында болған. Toyota Alphard пен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктегі алты жолаушы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп, қажетті материалдарды жинап жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерге Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне байланысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары