Алматыдан шыққан ұшақ үш сағат бойы аспанда ұшып жүріп, кері қайтты

/
Алматыдан шыққан ұшақ үш сағат бойы аспанда ұшып жүріп, кері қайтты
instagram.com/AirAstana

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы бастапқы әуежайына қайта оралды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақты алдымен елордаға, кейін Қарағандыға қондыру әрекеті жасалған. Алайда екі қаладағы қолайсыз ауа райына байланысты қону мүмкін болмаған.

Осыдан кейін әуе кемесі Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде кері қайтқан. Жолаушылардың айтуынша, олар ұшақ ішінде үш сағаттан астам уақыт болған.

Қазіргі уақытта рейс қайта ұшуға дайындалып жатыр.

"Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ Алматыға кері қайтты. Қазір Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр", – делінген компания хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар