«Атам себепкер болды»: Дастан Сәтпаев футболға қалай келгенін айтып берді

/
«Атам себепкер болды»: Дастан Сәтпаев футболға қалай келгенін айтып берді
видеодан скриншот

Танымал жас футболшы Дастан Сәтпаев өзі ойнайтын «Қайрат» футбол клубының ютуб арнасына сұхбат беріп, спортқа қалай келгенін, «Челсиге» қалай ауысқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бала кезімде әдеттегідей ауладағы ұлдармен футбол ойнап жүретінбіз. Бір күні атам келіп, менің доп қуып, ойнап жүргенімді көріп, потенциалымды байқады ма, ата-анама мені «футболға беріңдер» деп кеңес айтты. Ата-анам екі ойлы болып қалған. Атам қояр да қоймай мені өзі академияға жазды. Мен келіп іріктеуден өттім», - дейді ол.

Айтуынша, әйгілі «Челси» футбол клубына ауысатынына өзі де сене алмаған.

«Бастапқыда «Челсимен» келісімшартқа қол қойғаныма көп адам сенбеді, тіпті өзім де сенбеген шығармын. Қазір екіұдай күйдемін. Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қобалжу да бар, қуаныш та бар. Мансабымның жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрмын. «Қайрат» сапындағы  соңғы матчтарымды өткізіп жатырмын. Еуропалық клубқа ауысуым үшін «Қайрат» маған бәрін берді. Әрі қарай енді бәрі маған байланысты болмақ. Жалпы футбол академиялары мен базалары ұқсас. Тек масштабтары ғана әртүрлі. «Челсиде» де дәл солай, алаңдары көбірек. Оларда алаңның көптігі мені таңғалдырды», - дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар