«Жұмысқа тұрғызамын»: Алаяқ Астана тұрғынынан 800 мың теңге алып кеткен

/
«Жұмысқа тұрғызамын»: Алаяқ Астана тұрғынынан 800 мың теңге алып кеткен
istockphoto.com

Астана қаласында полиция қызметкерлері азаматтың сеніміне кіріп, заңсыз жолмен ақша иемденген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 36 жастағы ер адам жәбірленушіге жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтып, оның сеніміне кірген.

Алдын ала анықталғандай, күдікті қызметке орналастыру мәселесін шешіп беремін деген желеумен жәбірленушіден 800 мың теңгеден астам қаражат алған. Алайда берген уәдесін орындамай, алынған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас басқа да алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды жұмысқа орналасу мәселесінде сақ болуға шақырады. Қызметке орналасу бойынша ұсыныстарды тек ресми ақпарат көздері арқылы тексеріп, бейтаныс адамдарға ақша бермеу қажет. Күмәнді ұсыныстар мен заңсыз делдалдардың қызметіне жүгіну қаржылық шығынға әкелуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары