Теміртауда 2 жастағы бала терезеден құлап кетті

/
Теміртауда 2 жастағы бала терезеден құлап кетті
istockphoto.com

Теміртау қаласында екі жастағы ұл бала үш қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде бала ересектердің қарауынсыз қалған. Сол сәтте анасы ас үйде болған.

Бала көптеген жарақатпен Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Травматология бөлімінде тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберілді.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы бағалануда.

Құтқарушылар ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды және осындай оқиғалардың алдын алу үшін терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуды тағы да ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары