Ұлытау облысында үш жасар бала терезеден құлап кетті

/
Ұлытау облысында үш жасар бала терезеден құлап кетті
brizmaker/Getty Images

Қайғылы оқиға Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында болды. Үш жасар бала терезеден құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, оқиға Сәтбаев қаласында болған. Үш жасар бала терезеден құлап, ауыр жарақат алған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Соңғы екі аптада өңірде осындай үш жағдай тіркелген. Қалған екі оқиғада балалар зардап шеккен.

"Сәтбаев қаласы аумағында жазғы маусым басталғалы бері екі жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, ал екіншісі медициналық мекемеде ем алып жатыр", – деді Сәтбаев қаласы төтенше жағдайлар қызметінің аға инженері Анель Қадырғали.

Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлар көбіне балалар ересектердің қарауынсыз қалған кезде болады.

Қазақстандықтарға москит торларының ерекше қауіп төндіретіні тағы да ескертілді. Дәрігерлердің сөзінше, биіктіктен құлаған балалар көбіне ауыр бас-ми жарақатын алып, ішкі ағзалары зақымданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары